$ 475.31  555.54  6.05

«Құдайдың өзі бөлісуді бұйырған»: Баян Алагөзова күйеуінің 100 пәтер сыйлауы жайлы (ВИДЕО)

"3 үлкен компания бар, бизнес жүріп жатыр". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

По домам бағдарламасының жаңа эпизодында, Бейбіт Әлібеков жүргізетін жоба жалғасын тауып, алғашқы шығарылымға енбей қалған сәттер де көрсетілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Көрермендер Баян Мақсатқызы мен Тұрсынғали Алагөзов арасындағы бұрынғыдан да ашық әңгімелерге куә болды.

Сұхбат барысында Әлібеков тікелей: «Сіз расымен оған жылына 100 пәтерден сыйла деп айттыңыз ба?» — деп сұрады.

Бұған Баян Мақсатқызы оң жауап берді.

Оның айтуынша, бұл — ірі компанияларға иелік етіп, қомақты табыс табатын адам үшін «адамдар алдындағы ең төменгі міндет».

Ол сондай-ақ:

«Құдай бөлісуді бұйырған. 3 үлкен компания бар, бизнес жүріп жатыр. Тұрсын, бөлісу керек, бөліс деп айтып отырамын. Құдай беріп жатыр ма ма бөлісу керек», — деп атап өтті.

Желі қолданушылары Баян ханымның ақылдылығына риза болды. 

"Баян да, Тұрсын да өте керемет жандар", "Біреуі ақылды, екіншісі жомарт. Керемет үйлесім!", - деп жазды оқырмандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0