09.04.2026, 11:20

«Картаңның 16 санын айт»: Мейрамбек Беспаев Еркеш Хасенге қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев әнші Еркеш Хасенге автокөлік сыйлап, қымбат сый жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, бұл жағдай «CoverShow» бағдарламасы барысында басталған. Еркештің айтуынша, концерттен кейін екеуі бірге іс-шараға барып, ән орындаған. Сол кезде Мейрамбек Беспаев оның үйіне қалай қайтатынын сұраған.

«Мен такси шақырып қойғанымды айттым. Әңгіме сол жерде аяқталғандай болды», – дейді әнші.

Алайда келесі күні бағдарламаға қайта кездескен кезде Мейрамбек Беспаев бұл тақырыпты тағы көтерген. Кейін жеке сөйлесу барысында ол Еркештің көлігі жоқ екенін көңіліне түйіп қалғанын жеткізіп, көмектескісі келетінін айтқан.

«Маған картаңның деректерін қалдыр. Жақын күндері өзіңе ыңғайлы көлік алып берейін», – деген ұсынысын білдірген.

Көп ұзамай Мейрамбек Беспаев уәдесінде тұрып, Еркеш Хасенге автокөлік алып берген. Әнші бұл сыйды үлкен құрмет деп қабылдап, ризашылығын жеткізді.