09.04.2026, 10:20

«Арсен үшін алаңдап тұр»: Баян Алагөзованың өгей ұлын қарсы алғаны талқыға түсті (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Видеодан Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсынның бірінші әйелінен туған ұлын жылы қарсы алғанын байқауға болады.

Танымал кәсіпкер әрі тележүргізуші Бейбіт Әлібеков Тұрсын мен Баян Алагөзовтердің үйін таныстыру барысында түсірілген жарияланбаған кадрларды бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеодан Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсынның бірінші әйелінен туған ұлын жылы қарсы алғанын байқауға болады.

“Ой, Арсен, сәлем! Қалың қалай? Қатты арықтап қалыпсың ғой”, - дейді ол бетінен сүйіп амандасып.

Желі қолданушыларына бұл сәт жылы көрініп, түрлі пікір жазылды.

“Баян жарады, Арсен үшін алаңдап тұр”, “Баянның сүйіп алғанын көріп көзіме жас алдым”, “Қарым қатынастары жасанды емес, керемет”, “Ешқандай реніш пен жек көру жоқ. Әдетте бұндай жағдайда көп отбасында қырылыс пен беткөріспеу болады”, деді олар.