«Мөлдір үшін ауыр сәт».
Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың экс-жұбайы Мөлдір Мұқановаға сезімін білдірген ескі видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбада танымал әзілкештің:
— «Мен сені жақсы көремін, мен сені сүйемін. Бұл — қайталанбас кеш», — деп айтқаны анық естіледі.
Ал жанында отырған Мөлдірдің көзіне жас алған сәті көпшілікті толқытты.
Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр:
«Мөлдір үшін ауыр сәт», «Неге дәл қазір шықты?», «Өткенді қазбау керек», «Бұл екеуінің тарихы бөлек еді...», «Қалай ұялмай сүйемін деді екен?», - деп жазды оқырмандар.
Қалай болғанда да, бұл видео жұртты тағы да екіге бөліп, Тұрсынбек пен Мөлдірдің қарым-қатынасы қайтадан басты трендке айналды.