08.04.2026, 01:30

«Есімі әлі қойылған жоқ»: Төреғали Төреәлі тағы да әке атанды (ФОТО)

Коллаж: sn.kz

Ол әншінің отбасында қыз бала дүниеге келгенін хабарлады.

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің продюсері Жан Мұқанов әлеуметтік желіде қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Ол әншінің отбасында қыз бала дүниеге келгенін хабарлады.

«Бүгін қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді — Төреғали Төреәлі отбасында қыз бала дүниеге келді! Бүгін — 7 сәуір күні, кешкі сағат жетіде жетінші перзент дүниеге келді. Бұл — жетінші қыз бала. Киелі жетілік!»

Жан Мұқанов жас нәрестеге ақ тілегін арнап, отбасыға ізгі ниетін жеткізді.

«Алла тағала сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жарқын болашақ нәсіп етсін. Әке-шешесіне қуаныш, береке, бақыт әкелсін. Осындай ақжолтай сәттер қазақ еліне көбейе берсін! Құтты болсын!».

Айта кетейік, продюсер сәбидің есімі әлі қойылмағанын айтып, көпшіліктен ұсыныс сұраған.