08.04.2026, 03:30

«Маған өте ауыр»: Құралай Анарбекова жанын жеген жайтты айтты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды. 

Актриса Құралай Анарбекова сырт келбетіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды. 

"Маған сырт келбетіме қатысты айтылатын сынды оқу ауыр. Иә, мойындаймын 10 келі салмақ қосып алдым. Менің өзіме де ұнамайды, киімдерім сыймайды. Бұрынғыдай жарқын киіне алмайтын болдым. Мен өзім толықтағым келеді деп салмақ қосқан жоқпын. Өздеріңіз білетіндей, бір жыл бұрын тұрмысқа шығып, ана атандым. Оның бәрі бекер болмайды. Салмақ қосып аласың", - деді актриса ағынан жарылып. 

Сондай-ақ Құралай Анарбекова арықтау үшін челлендж бастады. Ал желі қолданушылары актрисаға қолдау көрсетті.