07.04.2026, 10:40

Басты рөлді Джеки Чан сомдайтын фильм Қаскелеңде түсірілетін болды

Фото: salem.entertainment

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі — Джеки Чан жіберген уақыт капсуласының құрылыс алаңына тікұшақпен жеткізілуі болды.

Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында халықаралық деңгейдегі заманауи "Dala Stage" кинопавильонының құрылысы басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әкімдіктің мәліметінше, болашақ кешеннің аумағы – 15 гектар. Оның шамамен 3 мың шаршы метрі өндірістік нысандарға арналған. Құрылысты осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа алаңдағы алғашқы ірі жоба ретінде "Доспехи бога 4: Ультиматум" фильмі түсірілмек. Картина режиссері болып Роберт Кун тағайындалды.

Салтанатты рәсім барысында актердің продюсері Ли Чиу Ва және бірқатар халықаралық студиялар мен қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі — Джеки Чан жіберген уақыт капсуласының құрылыс алаңына тікұшақпен жеткізілуі болды.

Айта кетейік, "Dala Stage" жобасы Қазақстанда креативті индустрияны дамытуға, инвестиция тартуға және кино саласына кәсіби мамандар даярлауға бағытталған. Сондай-ақ шетелдік білім беру орталықтары мен киностудиялармен ынтымақтастық қарастырылған.