$ 466.33  538.47  5.9

«Туған жердегі қуаныш»: Жазира мен Жанболат ұлдарына тағы да дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)

Әншінің айтуынша, думанды шара Арал өңірінде, туған жерінде ұйымдастырылған.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасындағы қуанышты сәтімен бөлісті. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жалғыз ұлына екінші рет той өткізгенін жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, думанды шара Арал өңірінде, туған жерінде ұйымдастырылған. Ол той барысында үлкендердің батасын алып, ағайын-туыс, көрші-қолаң және достарымен бірге қуанышты бөліскенін жеткізді.

«30 күн ойын, 40 күн той – береке мен қуаныштың белгісі. Аллаға шүкір, Аралға барып, туған жерімізде әдемі той өткіздік. Баршаңызға үлкен рақмет!» – деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші барша жұртқа ақ тілегін арнап, әр шаңыраққа қуаныш, береке мен молшылық тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0