$ 470.46  543.1  5.86

«Өз қалауым бар!»: Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

Сондай-ақ, ол қазақ тілін тек түсініп қана қоймай, еркін сөйлегісі келетінін атап өтті.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілін үйренуге қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол бұған дейін қазақша сөйлемеуге түрлі себеп іздеп келгенін жасырмады.

«Неге сіз қазақ тілінде сөйлемейсіз? Мен өзімді ақтайтын сылтауларды қойдым. Қазақша сөйлемеудің себебін іздеуді тоқтаттым. Ең бастысы – менің өзімнің қалауым бар!», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол қазақ тілін тек түсініп қана қоймай, еркін сөйлегісі келетінін атап өтті.

«Мен тек түсініп қана қоймай, қазақтілді ортамен толыққанды қарым-қатынас жасағым келеді: базарда саудаласу, әзілге әзілмен жауап беру, жолда әңгіме қолдау… Оқырмандарымның арасында осы жолдан өткендер бар екеніне сенімдімін, жақсы мұғалім немесе курстар ұсынсаңыздар, қуанышты болар едім», – деді Ляйсира Марат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 76
Ұнамайды 9
Күлкілі 5
Ашулы 2