$ 470.46  543.1  5.86

«Тұқымда күмәнің болмасын»: Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызға үйленбек

Өз кезегінде Жігер Ауыпбаев мұндай пікірлерге жауап беріп, ойын ашық жеткізді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісі Муминамен бірге түскен суретін жариялап, алдағы тойға дайындық басталғанын меңзеді.

«Тойға киетін көйлек алып, дайындала бересіздер ау», – деп жазды әнші.

Алайда желі қолданушыларының арасында әншінің таңдауы мен жұбының бой айырмашылығына қатысты түрлі пікірлер жазылған. Кейбір оқырмандар сыни көзқарас білдірген.

Өз кезегінде Жігер Ауыпбаев мұндай пікірлерге жауап беріп, ойын ашық жеткізді.

«Тұқымның майдаланғаны бойдың қысқалығына байланысты емес, мүмкін ойдың қысқалығында. Тұқымға күмәніңіз болмасын», – деді ол.

Әншінің бұл жауабы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 56
Ұнамайды 23
Күлкілі 10
Ашулы 3