Алайда актриса жолаушының бұл өтінішін орындай алмайтынын, оған ыңғайсыз екенін айтады.
Желі қолданушысы актриса Құралай Анарбекованы сынаймын деп елден сөз естіп қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан белгісіз біреудің актрисаға өтініш жасағанын байқауға болады.
"Құралай, мен сіздің жанкүйеріңізбін. Сізге бір өтінішім болып тұр. Мен ешқашан бизнес класпен ұшпаған едім. Екеуміз ауысып, сіз менің эконом санаттағы орныма отырсаңыз", - дейді ол.
Алайда актриса жолаушының бұл өтінішін орындай алмайтынын, оған ыңғайсыз екенін айтады.
"Жұлдыз болып кетіпсің. Мен сені жақсы адам деп жүрсем, көптің бірі екенсің ғой", - деп ренжіді жас жігіт.
Осы тұста желі қолданушылары видео авторының өзін кінәлап, Анарбековаға қолдау көрсетті.