"Мұндай сөздерсіз де болады емес пе?..”
Продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілінің тазалығы туралы пікір білдірді. Ол өз жазбасында соңғы уақытта күнделікті қолданыста жиілеп кеткен кейбір діни сөз тіркестеріне қатысты ойын ашық жеткізген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Продюсердің айтуынша, қазақ тілі – бай әрі өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын тіл.
“Бұрын біз «МашАлла», «Әлхамдулилла» деген сөздерсіз қалай өмір сүрдік? Қазақ тілі бай әрі өзін-өзі толық қамтитын тіл ғой, мұндай сөздерсіз де болады емес пе?..” – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Оның бұл пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі көзқарас туғызды. Кейбірі продюсердің ойын қолдаса, енді бірі мұндай сөздердің рухани мәні бар екенін алға тартқан.