18.03.2026, 13:00

«20 жасымда қолымнан келді»: Танымал блогер анасына 60 млн теңгелік сый жасады (ФОТО)

Фото: instagram.com/abilovva__erke

Баршаңызға да ата-анаңыздың қуанышын көру бұйырсын.

Танымал блогер Мерей Абилованың сіңлісі Еркеназ анасына су жаңам қымбат темір тұлпар сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жағымды жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол жазбасында небәрі 20 жасында анасына көлік жаңартып бергенін айтып, қуанышын жасырмады.

“Аллаға шүкір, 20 жасымда анашыма көлік жаңартып бердім. Өзімнен бұрын анамның қуанып, жаңа көлік айдағанын көру мен үшін ең үлкен бақыт. Бұл оның маған берген еңбегінің кішкентай қайтарымы ғана. Баршаңызға да ата-анаңыздың қуанышын көру бұйырсын. Осы көлік тек жақсы жолдарға жеткізсін”, – деп жазды ол.