18.03.2026, 12:40

«Шындықты айтатын уақыт келді»: Зарина Карменнің жазбасы көпті ойландырып тастады

Фото: видео скриншот

Актриса Зарина Карменнің жазбасы көпшілікті ойландырып тастады. Бұл туралы ол Threads желісіндегі парақшасында жазды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

”Ел алдында «тұлға» болып көрінетін кейбір жандардың шын мәнінде қандай ұсақ, өсекке жақын екенін көргенде, еріксіз ішің ашиды. Бетперденің ар жағындағы ақиқат мүлде бөлек.

Шындықты айтатын уақыт келді. Үндемеу — енді жай ғана таңдау емес, ол — қылмыс”, — деп жазды актриса.

Өнер иесінің жазбасына жұртшылық түрлі пікір қалдырған.