17.03.2026, 11:20

«Танысайық деп өзім жаздым»: Сиви Махмуди Алмас Кішкенбаевпен жүргенін айтты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Ол әнші Алмас Кішкенбаевпен жүргенін айтты.

Танымал әнші Сиви Махмуди "Кездесу" бағдарламасында ашық сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол әнші Алмас Кішкенбаевпен жүргенін айтты.

Тіпті оған өзі жазғанын да жасырмады.

"Алмас "Суперстар" жобасына қатысқан кезде 18 жаста болды, мен 15-16 жаста болдым. Ортақ құрбымнан: "Алмастың номерін берші, танысайыншы деп сұрадым. Өзім жаздым оған. 15 жастағы бөпемін ғой. Ол кезде Алмастың суретін шығарып, фотошоппен екеумізді қосып қойып, бөлмеме қойып қоятынмын. Солай кездесіп, дос болып араласып кеттік. Бала махаббаты болды. Жүрдік екеуміз. Жүргенде бірақ онымен қол ұстасып та көрмедім. Алмасқа да рақмет айтамын менің де қолымды ұстамаған", - деді әнші.

Көпшілік: "Өзінше екен", "Өзіне көп алады екен", - деген сынды пікірлер қалдырды.