Әнші бастапқыда реніш білдіргенімен, кейін қызметкерлермен келісімге келіп, домбыраны ұшаққа өткізу үшін 5 мың теңге төлеген.
Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әуежайда домбырасына қатысты күтпеген жағдай болғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, Қостанайға ұшар алдында әуежай қызметкерлері аспапты ұшаққа өткізу үшін қосымша төлем талап етіп, бұл аздаған түсініспеушілікке себеп болған.
“Әуежайға келдік. Тағы да айқай-шу басталды. Тағы бір қыз келіп, “домбыраны өткізуге болмайды” деп қақылдап кетті. Бұған тағы да ақша төлейсіз дейді. Депутаттар шешкен сияқты еді, анығын кім біледі?” – деді Мақпал Жүнісова.
Әнші бастапқыда реніш білдіргенімен, кейін қызметкерлермен келісімге келіп, домбыраны ұшаққа өткізу үшін 5 мың теңге төлеген.
“Жүйкеміз орнына түсті. Домбыраға бес мың теңге ақша алды. Осы жолы арзан алды. Ана жолы 65 мың теңгеге шапка мен домбыраға билет алып едім. Бұл жолы өте арзан екен”, – деп күлді халық әртісі.