16.03.2026, 14:20

«Әйелін ұрған»: Әнші Рахат Тұрлыханов полицияға жеткізілді

Фото: Криминальнй Казахстан

Тұрлыханов бұған дейін де әйеліне қол көтергені үшін 10 күнге қамауға алынған.

Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрды деген күдікпен полиция бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Полиция Рахат Тұрлыхановтың жұбайын ұрып-соқты деген күдікпен ұсталғанын растады. 

Алматы қаласының Медеу ауданында орын алған отбасылық жанжал дерегі бойынша полиция қызметкерлері түскен шақыртумен оқиға орнына барып, мән-жайды анықтау үшін қатысушыларды аудандық полиция басқармасына жеткізді, - деп хабарлады полициядан.

Ведомство өкілдері тексеріс барысында әйелдің бастапқыда өзіне физикалық күш көрсетілгенін айтқанын, алайда кейіннен ұрып-соғу дерегін жоққа шығарып, тек отбасылық жанжал фактісі бойынша арыз түсіргенін атап өтті.

Қарау нәтижесі бойынша ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қайшы әрекеттер») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді Алматы қласының ПД баспасөз қызметі.