05.03.2026, 01:30

«Қазақ тілінде сөйлегенім ұнамайды»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы дау тудырарлық жазба жариялады

Коллаж: sn.kz

Желі қолданушылары Айарудың бұл сөзіне қатысты түрлі пікір жазды. 

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы желідегі парақшасында маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол тілге қатысты айтылатын әңгімеге нүкте қойған. 

"Бәріңізге сәлем. Бүгін сіздермен маңызды тақырыпта сөйлескім келеді. Көбі мені қазақ тілін білмейді деп ойлайды. Не ойласаңыз да өздеріңіз біліңіздер. Бірақ мен қазақ тілін білемін, қазақша сөйлеп, жазып, оқи аламын. Мен кішкентай кезімде қазақ тілін 100%-ға меңгерген едім. Бірақ мектепке барғалы ұмытып бара жатырмын. Себебі 1-сыныптан бастап ағылшын мектебінде оқыдым. Ешқашан қазақша оқымағанмын. Барлық дос-құрбым тек ағылшынша, орысша сөйлейді. Қазақша білсе де сөйлегенде қолданбайды. Отбасымдағылар бір-біріне қазақша сөйлеген кезде мен орысша сөйлеуім мүмкін. Себебі менің қазақша сөйлегенім маған ұнамайды. Себебі менде акцент бар, мен қазақ тілін ұмытып бара жатырмын. Мұның бәрі рас. Маған орысша сөйлеген ұнаса сендерге демек бәрібір болу керек. Мен өзім білемін. "Қазақсың ба?, Неге орысша сөйлейсің" деген сөздерге ренжитінім де рас. Бірақ маған жазуды доғарыңыздар. Мен қазақ тілінде сөйлемесем ол тілді білмеймін деген сөз емес. 40 жастан асқандар маған қатты тиіседі. Неге екенін білмеймін. Тағы да қайталаймын: мен қазақ мектебінде оқымағанмын, менің барлық достарым орыс тілінде сөйлейді. Мені түсінесіздер деп ойлаймын", - деді Айару Тұрсынбекқызы. 

Желі қолданушылары Айарудың бұл сөзіне қатысты түрлі пікір жазды.