26.02.2026, 11:00

«Бірге көріп қуанып отырмыз»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыздың видеосы көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

«Анасынан аумай қалған Рәбия Сұлтан». 

Қазақ эстрадасының танымал жұлдызы Қайрат Нұртас пен оның жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың отбасы өмірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Актриса өзінің парақшасында кенже қыздарымен бірге түсірілген видеоны жариялап, жазба астына: «Анасынан аумай қалған Рәбия Сұлтан», — деп қысқа пікір қалдырған.

Желі қолданушылары бейнеге жылы лебіздерін білдіріп, отбасы мүшелерін бірге көруге қуанышты екендерін жасырмады. Көпшілік олардың жарасымды сәттеріне сүйсініп, бақыт пен береке тіледі.

Пікір қалдырғандар арасында «Екеуін бірге көрсем, ерекше қуанып кетем», «Үйдегі жылы атмосфера сезіліп тұр», «Осындай бақытты сәттеріңіз көп болсын» деген тілектер жиі жазылған.