26.02.2026, 05:30

«Телефонды қой, қолымнан ұста»: Тамара Асардың жаңа әні елге жақпай қалды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Жазуынша, жаңа ән бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналған телефон жайлы. 

Танымал әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасы жаңа әнін көпшілікке таныстырды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Жазуынша, жаңа ән бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналған телефон жайлы. 

"Телефонның пайдасы мен зияны бірдей. Сол телефонның зияны шектен шықпасын деген оймен “Телефонды қой” деген ән жарыққа шығуда…", - деп жазды әнші. 

Әнге қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр. 

"Тамара ханым, сізге мына ән келмейді", "Сізді салмақты әнмен ғана білеміз", "Мағынасы зор", Қазіргі жастарға айтатын өсиет екен", деп жазды оқырмандар.