24.02.2026, 12:40

«Аллаға мың шүкірлер!»: Мақпал Жүнісова көпшілікке қуанышты хабар жеткізді

Фото: instagram/zhunusova.makpal

Амандықта кездесейік!

Қазақстанның Халық әртісі, қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова көпшілікке қуанышты хабар жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

62 жастағы танымал әнші өзінің екі концертіне билеттер толығымен сатылғанын айтты.

Жүнісованың концерттері 2026 жылғы 8 наурызда Алматыдағы Республика сарайында өтеді.

«Аллаға мың шүкірлер, 8-марттағы екі концертке де билеттер өтіп кетіпті,жанкүйерлеріме үлкен рақмет, амандықта кездесейік құрметті ағайын!» — деп жазды әртіс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікір қалдырған оқырмандар бұл жаңалықты қуанышпен қабылдап, әншіге сәттілік тіледі.