$ 494.66  581.87  6.43

«Құр жатпайын деді ме?»: Ауруханада жатқан Нұрлан Қоянбаев тренд түсірді (ВИДЕО)

"Сыртыңыздан тілеушілеріңіз көп".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Ауруханада ем қабылдап жатқан танымал актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев ресейлік әншінің кең тараған трендін түсіріп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы. 

Видеода продюсер аурухана төсегінде жатып, орамалмен билеген сәтін жариялаған. Қысқа ролик бірден желі қолданушыларының назарын аударды.

Пікір білдірушілердің басым бөлігі актердің денсаулығына алаңдап, жылы лебіздерін жолдауда.

«Тезірек сауығып кетіңіз! Сыртыңыздан тілеушілеріңіз көп», «Көк туды жан-тәніңізбен желбіретіп жүргеніңіз үшін құрметтейміз», «Тіл-көз тиген ғой», «Құр жатпай, трендтен қалмайын дедіңіз бе?» деген секілді пікірлер жазылған.

Желіде Нұрлан Қоянбаевқа қолдау білдіргендер саны артып, көпшілік оған тез сауығып кетуін тілеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0