22.02.2026, 03:30

«Қазақтың күресін мазақ қылды»: Рамазан Амантайдың әрекеті көпшілікке жақпай қалды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Шоу барысында олар ұлттық күреске тән кейбір қимылдарды ойын ретінде көрсетіп, әзілдеді.

Актер Рамазан Амантай пен әзілкеш Ұлан Мықтыбек «Жұлдыздар жарысы» телешоуында боз кілемде әзіл-қалжың көрсетті. Көрермендер алғашқыда олардың әрекетіне күлкімен қарағанымен, көпшілік мұны тек көңіл көтеру деп қабылдаған жоқ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Шоу барысында олар ұлттық күреске тән кейбір қимылдарды ойын ретінде көрсетіп, әзілдеді. Бірақ көрермендердің бір бөлігі бұл әрекетті дұрыс емес деп бағалады. Олар боз кілемде ұлттық күресті мазақ етіп, дәстүр мен өнерді сыйламады деп санайды.

Желіде қызу пікірталастар өрбіді: «Қазақша күресті мазақ қылды», «Ұлттық дәстүрді сыйлау керек еді» деп жазғандар көп. Кейбір адамдар бұл әзілді жеңіл әрі көңілді деп бағаласа, басқалары ұлттық мәдениет пен өнерге деген құрметтің болмағанын сынады.

Маман пікірінше, шоудың негізгі мақсаты – көрерменді күлдіру болса да, ұлттық спорт түрін әзілге айналдыру кейбіреулерге ұнамауы заңдылық. Көпшілік осындай әрекеттердің мәдениетті сақтау мен ұлттық дәстүрді құрметтеу арасындағы шекараны сақтау керектігін атап өтті.

Осы оқиға халық арасында қызу талқы тудырып, ұлттық спорт пен әзілдің үйлесімін қалай табу керектігі жөнінде пікірталастарды жалғастыруда.