$ 489.3  578.94  6.38

«Ал, халайық, сүйінші!»: Мадияр Серікбай «маскадағы жігіттің» кім етін жария етті (ВИДЕО)

Топтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода Мадияр Серікбаев елге көмектесіп жүрген жанашыр азаматпен жүздескенін айтып, сүйінші сұрайды.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстанда «Человек в маске», «Маскадағы адам» деген лақап атпен танылған, қайырымдылықпен айналысып жүрсе де, жеке басын құпия ұстайтын жігіт бар. Көпшілік оның кім екенін білмейді. Осы орайда «Өнер Қырандары» театрының жетекшісі Мадияр Серікбаев «маскалы адаммен» кездескен сәтін видеоға түсірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Топтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода Мадияр Серікбаев елге көмектесіп жүрген жанашыр азаматпен жүздескенін айтып, сүйінші сұрайды.

«Ал, халайық, сүйінші! Еліміздегі мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген азаматпен кездесетін сәт туды», – деген ол алдағы уақытта «маскалы адаммен» бірлесіп жұмыс істейтіндерін де мәлімдейді.

Осы кезде қасына келген «маскалы адам» да «тарихи сәт келді, шынайы жүзімді көрсетемін» деп, бетіндегі маскасын шешеді. Алайда маска астынан Мадияр Серікбаевтың әріптесі Жанболат Найзабеков шығады.

Кейін бұл әзілкештердің кезекті пранкі екені белгілі болды. Видеоны көрген желі қолданушылары «Ақыры кім екенін білетін болдық деп қатты күтіп едім», «Маскалы адам маскасын қалай шешті десем…», «Сөйтсем, пранк екен ғой» деген сарындағы пікірлер қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0