17.02.2026, 16:40

«Фигурасында мін жоқ»: Роза Рымбаеваның жас кезі көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желілерде әйгілі әнші Роза Рымбаеваның жастық шағындағы сирек видеосы кеңінен тарап, жұртшылықтың ерекше қызығушылығын тудырды. Бейнежазбаны көрген қолданушылар әншінің сол кезеңдегі сымбаты мен сахна мәдениетіне тән табиғи талантына тәнті болып, түрлі жылы пікір қалдыруда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Көпшілік оның сахнадағы еркін қимылын, жинақы жүріс-тұрысын және өзіне ғана тән харизмасын жоғары бағалап, «Фигурасына мін жоқ», «Жастық шағындағы Рымбаева нағыз сұлулықтың үлгісі», «Сахнада қандай жарасымды, қандай нәзік көрінеді» деген сынды пікірлер жазуда.

Видеода Роза Рымбаеваның жас кезіндегі өнер көрсету сәттері, қимыл-қозғалысы мен көрерменмен байланыс орната білу шеберлігі айқын байқалады. Әншінің әрбір қозғалысынан кәсібилік пен сахнаға деген махаббат сезіледі. Бұл кадрлар оның тек дауысымен ғана емес, сахналық мәдениетімен де ерекшеленген дара тұлға екенін тағы бір мәрте дәлелдегендей.

Желі қолданушыларының айтуынша, бұл бейнежазба Роза Рымбаеваның өнер жолындағы ұзақ жылдар бойы қалыптасқан биік деңгейін көрсетіп қана қоймай, оның жастық шағындағы шынайы көркі мен табиғи сұлулығын да паш етеді. Көпшілік үшін бұл видео өткенге жасалған жылы саяхат іспетті әсер қалдырып, аңыз әншінің өнеріне деген құрметті одан әрі арттыра түсті.