04.02.2026, 06:30

«Алла жүрегіме махаббат салды»: Жігер Ауыпбаев өзін сынағандарға жауап берді (ФОТО)

Коллаж: SN.kz

"Адам тірі кезінде сөзден аман емес, ал өлгеннің жаманы жоқ". 

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев желідегі сүйіктісіне қатысты сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне байланысты айтылып жатқан жағымсыз пікірлерге қатысты ойын ашық жеткізді.

Өнер иесінің сөзінше, соңғы уақытта желі қолданушылары оның таңдауы жайлы түрлі ауыр айыптаулар мен орынсыз сөздер жазып, хейт көбейген.

«Адам тірі кезінде сөзден аман емес, ал өлгеннің жаманы жоқ. Бірі “педофил” дейді, бірі “теңің емес” дейді, енді бірі “папасы сияқты” деп жазады. Қарғап-сілеп, көреалмаушылық танытатындар да бар. Тіпті сырттан сиқыр жасайды деп ойлайтындар кездеседі. Бірақ мұның бәрі Алла жүрекке салған махаббаттың қасында түкке тұрмайды. Хейт жаза беріңіздер, ғайбат айта беріңіздер. Әркім ақыреттегі амал дәптерін өзі толтырады. Ал мен Алланың қалауымен алға қарай жүре беремін», – деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Жігер Ауыпбаевтың жеке өміріне қатысты түрлі сыни пікірлер тараған болатын.