31.01.2026, 16:30

«40 жыл араласпадық»: Айгүл Иманбаева әкесіне деген ренішін айтып жылап қалды (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Мен оқуға кеткеннен кейін әкем өмірден өтті". 

Танымал әнші Айгүл Иманбаева өзінің сұхбатында әкесі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол әкесіне ренжіп, қырық жыл бойы араласпағанын айтты.

"Әке-шешем ажырасқаннан кейін әкеммен 40 жыл араласпаған адаммын. Әкеме өкпем қара қазандай. Кімге ренжіп жүргенімді өзім де білмеймін.40 жылдан кейін өзіммен тоқтаусыз жұмыстың арқасында мен әкеммен табыстым. 40 жылдан кейін Лондонға кетерде концертімді берген кезде төрде отырды. Сол кезде әкем концерттен кейін былай айтты. Айгүл, қызымды үйіріне қостым. Сенімен табыстым. Енді мен өлсем арманым жоқ. Барлық арманым орындалды деп айтты. Мен оқуға кеткеннен кейін әкем өмірден өтті. Содан кейін бар арманым орындалды деген сөзді айтпау керек екенін түсіндім", - деді әнші.