30.01.2026, 18:00

«Махаббатқа ұласып кету мүмкін»: Мақпал Жүнісова әншілерге үндеу жасады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Ол жақсылыққа апармайды.

Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова сахнада өнер көрсеткен ер азамаььармен жақын араласудың керегі жоғын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Бәріміз пендеміз. Әсіресе өнер адамдары сезімге тез беріледі. Жұптасып ән айтып, соңы махаббатқа ұласып жатқандар бар. Өз-өзіңді ұстай алмай қалуың мүмкін, ешкім кепілдік беріп жатқан жоқ.  Оның арты махаббатқа ұласып кетуі мүмкін. Ол жақсылыққа апармайды”,- деген әнші жастарға ескерту жасады.

Көпшілік өнер иесінің ескертуін толығымен қолдады.