$ 506.7  593.14  6.53

«Үш жылда үш ұл»: Ерке Есмахан мен Райм Мальдивтен отбасылық мерекесін атап өтті (ФОТО)

Олардың шаңырақ көтергендеріне 3 жыл болған. 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал өнер жұлдыздары Ерке Есмахан мен Райм өмірлеріндегі ерекше күнді атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Олардың шаңырақ көтергендеріне 3 жыл болған. 

Атаулы мерекені жас жұбайлар Мальдив аралдарында, мұхиттың жағасында атап өткен. 

"19-қаңтар. Шаңырақ көтергенімізге 3 жыл. Нәтижесі - бақытты біз және 3 ұл.
Бәрін хайырлы етіп бұйырған Аллаға сансыз шүкіршілік айтамыз.
Мальдив аралында, мұхиттың жағасында атап өттік", - деп жазды Ерке Есмахан.

Ал желі қолданушылары жұпқа тек бақыт тіледі.

"Бақыттарың баянды болсын", "Қандай әдемі жұп", "Бізге жұғысты болсын", - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0