"Аллаға шүкір осы күнге жеттік!"
Блогерлер отбасы Елдос Кәдірханов пен Таңшолпан Шотаева баласының бесік тойын жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл жайында блогер әлеуметтік желіде жазған. Сондай-ақ баласына арнап ән салған видеосын жариялады.
"Осы сәтті он жыл күттім. Аллаға шүкір осы күнге жеттік! Баршаңызға мың алғыс! Құттықтауларыңызға рахмет! Бізден бақытты адам жоқ!", - деп жазды блогер.
Желі қолданушылары оның қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жаудырды.
"Аман-есен үлкен азамат болып өсе берсін", "Құтты болсын! Дені сау, ғұмыр жасы ұзақ болсын! Ақылды азамат болып өсе бергей", "Халықтың баласын абайлап ұстаңдар" деп жазды оқырман қауым.