Белгісіз ер адам берген сұхбатында бұл туындының авторы өзі екенін айтып, әнді Қайрат Нұртастың иемденіп кеткенін алға тартты.
Әлеуметтік желіде «Перзент сыры» әніне қатысты дау туындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Белгісіз ер адам берген сұхбатында бұл туындының авторы өзі екенін айтып, әнді Қайрат Нұртастың иемденіп кеткенін алға тартты.
Оның сөзінше, әуелі әнді Қайратқа жеке өзі тыңдатып, бөліскен. Алайда арада уақыт өткен соң бір тойда әншінің дәл осы «Перзент сыры» әнін орындап жүргенін көрген. Осыдан кейін ер адам «менің әнімді айтып қойды» деп, көпшілікке шағымданды.
"Солай болу керек болған шығар. Мен "Кавер шоу" жобасына осы әнмен қатысқым келген. Алайда Қайрат бірінші жазды деп қатыстырмай қойды", Идея көп. Бәрін іске асырамыз бұйырса. Қайратта уақыт жоқ қой студияда жүретін. Ал біз күні бойы студиядамыз, уақыт көп. Әлі тааһлай ән жазармыз енді", - деді ол.
Аталған мәлімдеме желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
Пікір білдірушілердің бір бөлігі «әншілердің бәрі ұры» десе, енді бірі «Перзент сыры бұрыннан айтылып жүрген халыққа таныс ән ғой» деп жазуда.