$ 507.05  594.82  6.51

«Қорқыныш бар...оңай емес»: Ақбота-Нұр ажырасудан кейінгі өмірі жайлы (ВИДЕО)

Әншінің айтуынша, балалар болғандықтан бойында қорқыныш сезімі бар. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет ажырасқаннан кейінгі сезімдері жайлы және болашақта тұрмыс құруға асықпайтынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әншінің айтуынша, балалар болғандықтан бойында қорқыныш сезімі бар. 

"Шүкір, 2 балапаным бар. Аллаға шүкір өсіп жатыр. Қандай да бір қарым-қатынас құруға, тұрмыс құруға асығыс емеспін. «Аузы күйген, үрлеп ішеді». Екі балам болғаннан кейін де, ойланасың, көп қарайсың, оңай емес. Менің болашақ жартымды олар қалай қабылдайды, қарым-қатынасы қалай болады деген сұрақтар жиі мазалайды мені. Кейде иә, алаңдайтын, уайымдайтын, қорқыныш сезімі болады. Ажырасып, жалғыз болсам бұлай қорықпас па едім… Екі балам болғаннан кейін, сәл қорқыныш сезімі бар. Бірақ, 5 баласымен де алып жатыр ғой. Жасым келген жоқ әлі. Отызға да толған жоқпын. Жұмысым бар, әп-әдемімін. Өз-өзіме жауап бере алатындай мінезім де жеткілікті. Кез-келген адамның бағын жағатын қызбын ғой негізі", - дейді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0