18.01.2026, 04:30

«Ертең сынауы да мүмкін»: Танымал актер Димаш Құдайберген туралы ойын айтты (ВИДЕО)

Ол Димаш Құдайбергеннің қазақ өнеріне қосқан үлесін ерекше атап, оны феномен тұлға ретінде бағалады.

"Тамаша" арқылы елге кеңінен танылған актер Алмат Сақатов әнші Димаш Құдайберген туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Актер Qazaq Airan YouTube-жобасына берген сұхбатында Димаш Құдайбергеннің қазақ өнеріне қосқан үлесін ерекше атап, оны феномен тұлға ретінде бағалады.

"Соңғы 70 жылдағы қазақ өнерінің өкілдерін түгел жинасақ та, олардың еңбегі Димаштың жетістігіне жете қоймас. Бұл сөзім үшін ертең сынап жатуы да мүмкін. Бірақ Димаштай әлемнің түкпір-түкпірінде ән салып, қазақтың атын танытқан өнерпаз бұрын-соңды болған емес. Ол – тарих жасаған азамат. Димашқа Алла ұзақ ғұмыр берсін", – деді актер.