12.01.2026, 13:00

«Балалы болғаныма куә болсаң екен»: Мақпал Жүнісованың қызы анасына ерекше тілек айтты (ВИДЕО)

Фото: @zhunusova.makpal

Асыл арманы орындалып, бір басы екеу болып, сізді қуанта берсін!

Белгілі халық әртісі, қазақтың бұлбұлы Мақпал Жүнісова күні кеше өзінің туған күнін жақындарымен бірге атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әдемі кеште қызы Мерей Заманбекқызы да анасына гүл шоқтарын сыйлап, ақ тілегін арнады. Анасын шын жүректен құттықтаған ол көптің жүрегін елжіретті. 

"Жаным мамам, әрқашан сенің қасыңдамын. Сен де менің қасымда болып жүре бер. Ертең Алла қаласа мен де күйеуге шығып, бала туып, сен де соған куә болып жүре бер. Қастарында әдемі әжесі болып жүре бер. Соған өте қатты қуанамын. Өзімнің қалайтын болашағым. Сені қатты жақсы көремін. Сендей ана берген Аллаға мың алғыс", - деді ол. 

Желі қолданушылары Мерейдің тілегіне риза болып, керемет пікір қалдырды.

"Мерейдің тілегіне біз де қосыламыз. Асыл арманы орындалып, бір басы екеу болып, сізді қуанта берсін", "Мерейіңіздің ақ тілегі қабыл болсын!", "Тездетіп сол күнге жетуді, Алла нәсіп етсін", "Сондай ақылды қыз", - деп жазды желі қолданушылары.