Бейнежазбада өнер иесі күйеуі Қайрат Әділгереймен бірге трендке сай видео түсірген.
Әнші Бақыт Тұрман әлеуметтік желіде тараған видеосынан кейін желі қолданушыларының қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбада өнер иесі күйеуі Қайрат Әділгереймен бірге трендке сай видео түсірген. Аталған жазба «Мен әйеліме сененмін» тренді аясында жарияланған. Видеода әншінің жұбайының басынан теуіп өткені байқалады. Бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, көпшіліктің наразылығын тудырды.
Пікір білдіргендердің бір бөлігі мұндай әрекетті орынсыз деп бағалап, «тренд үшін тым артық кеткен» деген сыни көзқарастарын жазды.
Ал кейбір желі қолданушылары видеоны әзіл ретінде қабылдап, оның қалжың үшін түсірілгенін, трендтің бір бөлігі екенін айтып, өнер иесін қорғап шықты.
"Ойнасаңда ер адамның басына тепкенің дұрыс болмады", "Ер адамға не то что аяқ көтеру,аттап өтпе деп анамыз үйреткен еді,бастан теуіп ұстаздық қасиеттен не қалды", "Өте орынсыз әзіл. Еш уақытта ер адамның басын тебуге болмайды", "Хит боламын деп ит болды деген осы шығар", "Мынау не сұмдық? Кімге үлгі көрсетіп отырсыңдар? Ана еркекте намыс барма?", - деп жазды оқырмандар.