11.01.2026, 13:30

«Адамға өз өмірін сүруге мүмкіндік беріңдер»: Ақан Сатаевтың әйелі елге ескерту жасады

Коллаж: SN.kz

"Біреудің өмірі — қоғамдық кеңістік емес".

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың екінші әйелі Альмира Тұрсын желідегі парақшасында жазба жариялап, жұртты ойландырып қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол біреудің жеке өміріне кіріспеу жайлы көпшілікке ескерту жасады.

"Желіде не болып жатыр десеңіз — нұсқалар өте көп, жорамал, жеккөрушілік пен қарғыс та жетерлік… Біреудің жаны — тылсым, біреудің өмірі — қоғамдық кеңістік емес. Біз адамның нені бастан өткергенін білмейміз. Неге дәл осындай таңдау жасағанын да. Қандай жарасын жазып жүргенін. Не туралы ойлап, не үшін дұға ететінін. Сырттай отырып үкім айту оңай. Сұралмаған кеңес беру де оңай. Өзің өмір сүрмеген шешімдерді талқылау да оңай. Ал әркімнің өз жолы бар. Өз қателігі, өз жеңісі бар. Көргеніңнің бәрі пікір білдіруді қажет етпейді. Түсінбегеніңнің бәрі түсіндіруді сұрамайды. Адамға өз өмірін сүруге мүмкіндік беріңіздер — сізге дұрыс көрінетін өмірді емес. Баршаңызға тыныштық, мейірім, махаббат пен бақыт тілеймін — өз өміріңіз өзгелердің өмірінен де қызық болатындай!", - деп жазды актриса.