07.01.2026, 02:30

«Мұндай сорақылықты тоқтату керек»: Әлішер Кәрімов көпшілікке үндеу жасады

Фото: instagram.com/alisher_k

Бұл қашан тоқтайды?

Танымал әнші Әлішер Кәрімов көшеде түкіретін қазақстандықтарды сынап тастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған видеосында 40 жасқа толса да, халықтың бір қылығына әлі де үйрене алмай жүргенін айтады. 

“Қай жерде серуендеп, демалсақ та түкірік, сілекей көреміз. Бұл қашан тоқтайды? Біздің халықтың түкірмесе жүре алмайтыны қалыпты жағдайға айналған. Жаңа ғана бір әйел тротуармен келе жатып, түкіріп кетті, бәрі сол жерде сол күйі қалады, қатып қалады, қыста да басқа адамдар жүретін жерде жатады. Мұндай сорақылықты тоқтату керек деп ойлаймын. Сіздер өз туған жеріңізге түкіріп жатырсыздар”, – деді ол. 

Ол мысал ретінде өзге елдерді келтірді.

“Басқа елдерде, мысалы Түркияда, көшеде ешкім түкірмейді. Ол жаққа барғанда сіз де түкірмейсіз. Ал неге осы жаққа келгенде адамдар бұл әдепсіз әдетін жалғастыра береді?” – деді ол.