Ол маған шынайы ғашық болды.
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, алайда соңғы уақытта көрінбей кеткен әнші Индира Расылхан жеке өміріне қатысты сыр шертті. Ол журналист Жанар Байсемізованың ютуб-арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Маған күйеуімнің бірінші әйелі сиқыр жасаған. Мен бұл туралы ол әйелдің жеңгесі арқылы білдім. Мен Түркияда жатқанда бір әйел жазады, саған сиқыр жасаған адамды білемін, шындықты айтқым келеді дейді. Сөйтсем күйеуімнің бірінші әйелі маған қастандық жасаған болып шықты. Экс-күйеуін қызғанған болып тұр ғой. Бәрі былай басталды, мен егіз қыздарыма аяғым ауыр кезінде күйеуім мені көрсе жын көргендей болатын, үйден кетші әйтпесе бір күні өлтіріп қоюым мүмкін деп айта беретін. Мен өзіммен-өзім егіліп жылай беретінмін, содан бір күні аяғым ауыр кезінде мені үйден қуып шықты. Не болғанын түсінбедім" - дейді әнші.
Өнер иесінің айтуынша, ол отбасылы ер адамға ғашық болып қалған.
"Алайда мен ешкімнің отбасын бұзғым келген жоқ. Мен ол кезде небәрі 18-де едім, ал экс-күйеуім 30 жаста еді. Бірақ ол маған жалынып-жалбарынып сезімім шынайы деп, екінші әйелі болуына көндірді. Бірақ ол бірінші әйелін тастамайтынын, одан ажыраспайтынын айтты", дейді ол.