$ 505.53  593.44  6.34

«Біздің ата болса, салып қалар еді»: Жүсіп Ақшораның келіні ұятқа қалды (ВИДЕО)

Белгілі болғандай, блогердің келіні Instagram желісінде жарияланған видеода қайын атасын әдейі әзіл ретінде өз есімімен атап қойған.

Фото: Caravan.kz
Фото: Caravan.kz

Әлеуметтік желіде Жүсіп Ақшораның отбасына қатысты видео кеңінен талқыланып жатыр деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Белгілі болғандай, блогердің келіні Instagram желісінде жарияланған видеода қайын атасын әдейі әзіл ретінде өз есімімен атап қойған.

Видеодағы бұл сәт көпшіліктің назарын бірден аударды. Алайда күтпеген жағдайға қарамастан, Жүсіп Ақшора сабырлық танытып, болған жайтты жай ғана күле қабылдағаны көрінеді.Келіні де атасынан кешірім сұрап күлді.

Көпшілік қазақы дәстүрді еске салып, әзіл-оспақ аралас комментарийлер қалдыруда:

 «Біздің ата болса, салып қалар еді»,«Әзіл болса да, үлкеннің атын атау дұрыс емес»,«Жүсіп ағаның сабырына респект»,«Контент үшін бәрі жасалып жатыр»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 8
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары