Аты аңызға айналған актермен қоштасу рәсімі Алматы шаһарында өтеді.
Асанәлі Әшімұлы ұлттық руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ театр және кино өнерінің биік кәсіби мектебін қалыптастырған дара тұлға болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Аты аңызға айналған актермен қоштасу рәсімі Алматы шаһарында өтеді. Қонақасы 22 желтоқсан күні сағат 18-00-де «Қабылдау» үйінде өтеді. Сондай-ақ, өнер иесімен қоштасу рәсімі 23 желтоқсан күні сағат 10-00-де Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Ал актерді «Кеңсай-1» жерлейтіні белгілі болды.