Әбдікәрімова аңыз актермен түскен суреттерін бөлісті.
Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өнердегі ұстазы Асанәлі Әшімов туралы жазба жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әбдікәрімова аңыз актермен түскен суреттерін бөлісті.
"Бұл соңғы кездесу деп кім ойлаған?! Абыз адам, аңыз адам еді. Асанәлі ағамыздың қазасы күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырғаны сөзсіз. Елдегі театр және кино өнеріне өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, мол мұра қалдырды. Ағамыздың отбасына, туыстарына көңіл айтамын. Жарқын бейнеңіз мәңгі жадымызда қалады. Ұстаз, бақұл болыңыз", - деді ол.