$ 517.66  606.49  6.44

«Екі балам да «әке» демеді»: Асанәлі Әшімов өкінішін айтып, көзіне жас алды (ВИДЕО)

Анам мен ұлдарым түсіме жиі кіретін.

Фото: instagram.com/aset.akmolda
Фото: instagram.com/aset.akmolda

Қазақстан телеарнасының «1001 түн» бағдарламасында қонақ болған кино және театр актері Асанәлі Әшімов өмірден ерте өткен ұлдарын еске алып, көзіне жас алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, анасы мен балалары оның түсіне жиі кіретін көрінеді. Актер сол сәттердің бірін ерекше тебіреніспен баяндап берді.

«Анам мен ұлдарым түсіме жиі кіретін. Бірде ауруханада ем қабылдауға барарда ұйықтап қалыппын. Сол сәтте Сағи ұлым түсіме кірді. Оның “аға” деген дауысын естідім. Оятқаны ғой. Балаларымды інімдей көрдім. Бір өкінішім – бетінен бір сүймеппін», – деді Асанәлі Әшімов көзіне жас алып.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары