18.12.2025, 04:30

«Ит емес қой, шынжырлап қоятын»: Жұлдыз Әбдікәрімова еркекті қалай ұстап қалу керектігін айтты

Фото: видео скриншот

Пендеміз, періште көкте ғана.

Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, сырымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесіне желіде бір оқырманы «Еркекті қалай ұстап қалуға болады», деген сұрақ жолдаған.

Өз кезегінде Жұлдыз Әбдікәрімова ешқандай кеңес бере алмайтынын айтқан.

«Мына сұрақты басқа адамға қоясыз-ау. Өз еркімен қасыңызда қалмаса, қайтесіз ұстап. Ит емес қой, шынжырлап байлап қойып, сүйекпен алдайтын. Жіберіңіз еркіне», деп жауап берді ол.