Осы жайтқа қарағанда, жұлдызды жұптың жалғыз ұлы Қазыбек жуырда шаңырақ көтеруі мүмкін.
Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың отбасында қуанышты жаңалық бар. Белгілі өнер иелерінің шаңырағында үлкен тойдың қарсаңы сезіледі, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әншінің айтуынша, олар болашақ құдаларын танысу мақсатында шайға шақырған.
"Болашақ құдаларымызбен танысу үшін шайға шақырдық", - деп жазды әнші.
Осы жайтқа қарағанда, жұлдызды жұптың жалғыз ұлы Қазыбек жуырда шаңырақ көтеруі мүмкін. Дегенмен, Жанболат пен Жазира болашақ құдаларының кім екені және қай өңірден шыққаны жөнінде нақты мәлімет берген жоқ.
Жарияланған видеода негізінен өнер адамдары мен әріптестері көзге түседі. Ал жаңа құдаларды көпшіліктің арасынан бірден аңғару оңай емес.