$ 519.61  610.13  6.54

Соққыға жығылған «Нұр-Мұқасан» тобының мүшесі күтпеген мәлімдеме жасады

Туындының әуенін Арман Дүйсенов жазса, мәтінінің авторы – Ринат Зайыт.

Коллаж
Коллаж

Көпке танымал “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа әні жарық көрді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Топтың Instagram-дағы ресми парақшасында “Сен жоқ жерде” атты жаңа әнге түсірілген жаздық бейнесниппет жарияланды. Туындының әуенін Арман Дүйсенов жазса, мәтінінің авторы – Ринат Зайыт.

“Ал ағайын, қабыл алыңыздар, сіздерге Арман Д. әніне, Ринат З. сөзіне жазылған “Сен жоқ жерде” әніне жазда түсірілген келесі (сниппет) видеомызды тарту ете отырайық. Барлығыңызға алғысымыз шексіз, осы күнге дейін қолдауларыңызды сезіндік. Нұрлан Қонысбай, Ғалымжан Сүлеймен бауырларыңыздан”, – деп жазылған жазбада.

Желі қолданушылары өнер иелерін жарыса құттықтап жатыр.

“Керемет”, “Ғалымжанның дауысы ерекше, Нұрлан екеуі керемет дуэт. Жаңа әндерің көп болсын, хит болсын”, “Керемет дауыс иелері, өте жоғары деңгейде орындап шықтыңыздар, тыңдай бергіміз келеді”, “Керемет дуэт, Ғалымжанның дауысы, ән айту мәнері ерекше, Нұрлан екеуінің дауысы үйлесімді”, – деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 6
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары