16.12.2025, 13:30

«Қызым дүниеге келді»: Жахан Отарғалиев көптен күткен қуанышымен бөлісті (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Әке болуға деген қалауымды одан сайын ашты.

Актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев қуанышымен бөлісіп, оқырмандарын қуантты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

"Менің қызым бар. 2020 жылы алғаш арманым орындалды. Медина қызым дүниеге келді. Шынымды айтсам, жастық шақтың буымен жүре беріппін. Медикошым дүниеге келгеннен кейін, маған жауапкершілікті, әкелік махабатты сездірді. Әке болуға деген қалауымды одан сайын ашты. Медикоштан кейін менде қыз болса деген арманым күшейді. Дәл қазір сіздер сәл түсінбей отырған шығарсызда. Медина менің туған інімнің қызы, бірақ тек құжатта ғана. Қазақтың салтымен інім мені Медикоштың кіндік әкесі атады. Атын өзім қойып, тұсауын өзім кестім. Бұл өмірде мен бай, олигарх, атақтыларға қызықпаймын. Қызы бар әкелерге қатты қызығамын. Қызы бар әке нағыз бақытты жан. Шүкір, мен бақытты көкемін. Алла маған «әке» деген сөзді естуді нәсіп етсін", - дейді актер.