15.12.2025, 16:40

«Әйелдің айтқанымен жүретін уақыт»: Гүлзира Айдарбекова өткір мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Продюсердің сөзінше, қазіргі заманда ажырасуды насихаттайтын әйелдер көбейіп кеткен. 

Гүлзира Айдарбекова отбасылық өмірдегі әйел адамның рөлі туралы батыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Продюсердің сөзінше, қазіргі заманда ажырасуды насихаттайтын әйелдер көбейіп кеткен. 

"Күйеуімнен қиындық көрдім ұрды-соқты, шыдап келдім түк тапқан жоқ содан ажырасып кеттім. Ажырасқан кезде қиналдым. Сосын жұмыс істедім. Қазір көтерілдім, менде вилла бар, джип бар" деп жұрттың бәріне сабағын сатады. Содан кейін жастардың миы айналады. Олар қайбір ақыл айтатын адамдар дейсің. Ене мен келіннің арасына от салады. Бізге аналарымыз әйелдің бір табан кішірейіп тұру керектігін үйреткен. Ата-ене мен азаматты сыйла деген. Қазір азаматтың ешқандай қадірі қалған жоқ. Бәрін әйел басқаратын, әйелдің айтқанымен жүретін уақыт болып кетті. Әр нәрсенің өз орны болуы керек. Сен қыз кезіңді еркелік жасадың. Енді ана болған кезде бір үйдің түтінін түтетемін деп келесің ғой. Неге сен қартайған ата-ананы тастап кетуің керек? Өз өміріңді сүретін де уақыт болады", - деді медиа маман.