Ішке бірдеме барды-ау
Белгілі әнші Медеу Арынбаевтың мейрамханалардың бірінде ішіп алған видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбадан әнші мейрамханада "Синатра" әнін айтып отыр. Қасындағы жолдастарымен көңілді отырыс болғаны көрінеді.
Оның мас екенін байқаған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
"Ағам ішсе дарылдап қалатыны бар енді", "Ішке бірдеме барды-ау", "Тәтең бүгін мас", "Сағыныш қой Медеу ағаның ішінде. Түсінем оны", "Адам ғой, демалсын", "Ішіндегі зар-мұңын осылай шығарып отыр", "Мәке, қойсайшы болды", - деп жазды оқырмандар.