05.12.2025, 13:40

«Менікі «байларский» өмір»: Ерке Есмахан мақтаншақсың дегендерді орнына қойды

Фото: instagram.com/erkeesmaxan

Мұндай өмірді қабылдай алмауыңыз мүмкін.

Танымал әнші Ерке Есмахан желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, сырымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншіге бір оқырманы "тым көп мақтанасыз, шынайы өміріңіз қандай?", деп сауал қойған.

Өнер иесі оқырманына өзінің барынша шынайы екенін, әлеуметтік желіде жасанды емес екенін айты, ағынан жарылды.

"Менің қалыпты жағдайым мақтаншақтық болып көрінетініне мен кінәлі емеспін. Төртбұрышты рамкадан шығыңыз", деді Ерке.

Сондай-ақ, ол күнделікті өмірін осылай көрсеткеніне мақтаншақсың деп жазатындарға шүйлікті.

"Үйдің бергі жағын ғана көрсеттім ғой сіздерге. Соның өзіне ойбай өтірік мынау, суретке түсетін жер ғой деп жатыр екен көбісі. Негізі Муслимнің бөлмесі, күйеуімнің студиясы, сауна, үлкен гардероб, үш душ бөлмесін, подьезді көрсетпедім. Үлкен квадратура болған соң, үлкен румтур керек болды. Алда мүмкін румтур түсіріп қалармын. Ал мына суреттермен менің мақсатым үйдің атмосферасын жеткізу еді. Үй шашылмайды. 2 жұмысшы қыз жинап жүреді бәрін. Балалар ойнап шашса, артынша бірден жинап қояды. Ой тағы мақтаншақ, өтірік дейсіздер қазір. Әңгімелерімнің бәрі байский сияқты ғой. Дұрысы ештеңе айтпай-ақ қояйыншы", деді ол.