05.12.2025, 13:20

«Базарда жүріп бізді баққан»: Танымал актер анасына су жаңа көлік сыйлады

Фото: instagram.com/erkebulan.toktar

Актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар анасына сыйлық жасап, қуантты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актердың анасында бұрын мүлде көлік болмаған. Бұл оның алғашқы темір тұлпары.

"Қанша жыл базарда күннің ыстық-суығына қарамай жұмыс істеп, бізді бағып-қаққан анашымның өміріндегі алғашқы көлігі", - деп жазды Еркебұлан Тоқтар.

Оның жанкүйерлері қуанышты жаңалықпен жарыса құттықтады.

«Бәрімізге де жұғысты болсын», «Анасының қадіріне жеткен бала», «Еркебұлан жарайсың!», деп жазды көпшілік.